Астанада Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы ауысты

10 Тамыз 2023, 18:20
760
Бөлісу:
Астанада Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы ауысты
Фото: gov.kz

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қызметіне Әлия Рүстемова тағайындалды. 

Бұған дейін ол Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының" бас дәрігері қызметінде болған. 

1992 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2007 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін аяқтаған. Медицина ғылымдарының докторы. 

Еңбек тәжірибесін Алматы облысы Талғар қаласындағы Талғар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт қызметінен (1992-1993) бастаған. 

Көптеген жыл бойы Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Петропавл және Астана қалаларының денсаулық сақтау саласында еңбек етті. 

2018 жылдың маусымы - 2022 жылдың тамызына дейін «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы