Астанада Қазақстан ұлттық құрамасының матчынан кейін арнайы автобустар қатынайды

22 Наурыз 2023, 18:36
856
Бөлісу:
Астанада Қазақстан ұлттық құрамасының матчынан кейін арнайы автобустар қатынайды
Фото: Астана әкімдігі

Астанада Қазақстан ұлттық құрамасының ойынынан кейін стадион жанынан арнайы автобустар қатынайтын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

23 наурызда Қазақстан мен Словения құрамаларының футбол матчынан кейін жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін қосымша № 10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 303 қалалық және қала маңы бағдарлары ұйымдастырылады.

Автобустар жанкүйерлерді матчтан кейін аялдамаларда күтеді.

Матчтың басталуы - 21:00 сағ.

Жол жүру құны 90 теңге, төлем көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.

Өзгелердің жаңалығы