Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?

15 Наурыз 2024, 18:10
432
Бөлісу:
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Наурызнама онкүндігінің екінші күні Қайырымдылық күні деп бекітілді. Осы күнге орай «Астана жастары» волонтерлары елорда көшелеріне шығып, қала тұрғындарына бауырсақ таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Негізгі мақсат – мейрімді болуға шақыру”

Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?

Бүгін Астана жастары волонтёрлары Наурыз мерекесінің қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына бауырсақтар пен ыстық шай таратып жатырмыз. Негізгі мақсат – адамдарды бір-біріне қамқорлық танытып, мейрімді болуға шақыру. Мұндай іс-шаралар бізде жиі өткізіліп тұрады. Мейрам қарсаңында волонтерлар өздері келіп, осылай акциялар өткізейік деп әртүрлі идеялар айтады, қызығушылық танытады, - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Айзат Әбиболлақызы.

Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?

Ол жастар орталығында қазір 6 мыңнан астам волонтер барын айтты. Жас шамасы 14 жастан 22 жасқа дейінгі волонтерлардың көбі мектеп оқушылары және арасында студенттер де бар.

Бұл акцияны жыл сайын Наурыз мерекесінің қарсаңында жасап отырамыз. Мысалы былтыр қайырымдылық күні бекітілмеген кезде 22 наурызға қарсы тараттық. Бүгінгі акцияны 22-сі жалғастыратын боламыз. Ал қайырымдылық күніне орай 5 келі бауырсақ, 20 литр шай, шоколадтар қаланың әр ауданындағы тұрғындарға таратылады. Акцияға шамамен жиырма шақты волонтер тартылды, - деді Әбиболлақызы.

Елорда еріктісі Рауан Қодар волонтерлардың бауырсақтар, ыстық шай, шоколадтарды алдымен қала көшелерін тазалайтын еңбек адамдарына ұсынатынын жеткізді.

Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?

Осындай салқын ауа райында коммуналдық қызметте жұмыс істейтін адамдаролар жылынып, әлденіп алғанын қалаймыз, - деді ол.

Рауан Қодар Астана жастары волонтёрлары туралы әлеуметтік желіден білгенін айтты.

Астана жастарының жарнамасын көріп, қызығып, өзім келіп жазылдым. Мұнда жаңа адамдармен таныстым. Олардың көбісі маған қазір дос. Араласамын, сөйлесемін. Өткенде қарттардың үйлерін тазаладық. Оларғаазық-түлік себеттерін апардық, үйлерін жинадық. Мен мектеп бітіргенге дейін волонтерлықты жалғастыруға тырысамын, - деді ерікті.

Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?

“Астана жастарына” – 10 жыл

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының құрылғанына биыл 10 жыл толады.

Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?

Ұйым 2014 жылы құрылды. Содан бері әртүрлі бағытта белсенді жұмыс істеп келеміз. Аталар мен әжелерге көмектесеміз. Үйлерін жинаймыз, ауладағы қарын тазалап береміз. Биыл қыс бойы жалғыз басты қарттардың ауласын қардан тазарттық. Сосын көбінесе жүре алмайтын әжелер, аталар бар. Оларға біз дүкенге, дәріханаға барып келуге көмектесеміз, - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Айзат Әбиболлақызы.

Ол сондай-ақ волонтерлар спорттық және мәдени іс-шараларға жиі қатысатынын жеткізді.

Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?

Әртүрлі чемпионаттар болады, мәдени шараларға барады. Ағылшын тілін білетін волонтерлар өте көп. Олар шетелден келген спортшыларды немесе басқа да адамдарды ертіп жүреді. Шетелдіктердің жаңа қалаға үйренісіп, жүріп-тұруына көмектеседі, - деді маман.

Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?
Астанада Қайырымдылық күні қандай акция өтті?

Айзат Әбиболлақызы биыл 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына волонтерларды іріктеу жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар волонтерлар қатарына қабылданбас әрбір ерікті арнайы оқытудан өтетінін де еске салды.

Бізде Волонтерлар мектебі бар. Еріктілер ол жерде күніне екі сағаттан бес күн оқиды. Оқу соңында волонтер курсынан өткені туралы сертификат беріледі. Онда алғашқы медициналық көмек көрсету, халықаралық шараларда өзін ұстау сияқты дағдылар үйретіледі. Егер бала тұйық болса, оны ашуға арнайы психологиялық жұмыс жұмыстар жүргізіледі, - деді Әбиболлақызы.

Өзгелердің жаңалығы