Астанада қар жауды. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

24 Қараша 2023, 08:15
446
Бөлісу:
Астанада қар жауды. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күзгі-қысқы кезеңде елорданың бес ауданының аумағын қатты қар жауған кезде 2000-нан астам арнайы техника мен 2000-ға жуық жұмысшы тазартады.

Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарларда тазаланады.

Қалада арнайы жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілері оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы