Астанада қар тазалауға 2,5 мыңнан астам жұмысшы шықты

5 Наурыз 2024, 14:22
280
Бөлісу:
Астанада қар тазалауға 2,5 мыңнан астам жұмысшы шықты
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада коммуналдық қызмет тәулік бойы, бірнеше ауысымда күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін қар тазалау жұмыстарына 1,2 мың бірлік арнайы техника және 2,5 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылады.

Астанада қар тазалауға 2,5 мыңнан астам жұмысшы шықты

4 наурыздан 5 наурызға қараған түні коммуналдық қызметкерлер қаладан 26 мың текше метрден астам қар шығарды, бұл 1,9 мың ауыр жүк көлемін құрады.

Астанада қар тазалауға 2,5 мыңнан астам жұмысшы шықты

Қыс басынан бері полигондарға 428 мың рейс, яғни 5,7 млн текше метр қар шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы