Астанада қар тазалауға 2,3 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды

11 Ақпан 2024, 00:18
487
Бөлісу:
Астанада қар тазалауға 2,3 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астананың көшелері мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 1,6 мыңнан аса арнайы техника шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 10 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына қаланың коммуналдық қызметінің 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні елордадан 48 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3,4 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс басынан бері қаладан қар полигондарына 309 мыңға жуық рейс, яғни 4,2 млн текше метр қар шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы