Астанада қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

1 Қараша 2023, 12:35
509
Бөлісу:
Астанада қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде
PHOTO
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада қар жауды. Тазалау жұмысына жүздеген жұмысшы мен техника жұмылдырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. 

Астанада қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Күз-қыс кезеңінде елорданың бес ауданында қала аумағын санитарлық тазалау жұмысына екі мыңнан астам арнайы техника және жауын-шашын көп болған жағдайда үш мыңға жуық жол жұмысшы жұмылдырылады. 

Астанада қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Коммуналдық қызметтер толықтай дайын және қала аумағын жылдам тазарту үшін қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етілген. Бірінші кезекте жолаушылар маршруттар қатынайтын жолдар, сол сияқты аялдамалар мен тротуарлар бойынша орталық көшелердегі жолдар тазартылады. Сол сияқты қар полигондары самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған, - делінген хабарламада.

Астанада қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Өзгелердің жаңалығы