Астанада қар күреуге 2 300 жұмысшы шықты

20 Сәуір 2023, 13:16
672
Бөлісу:
Астанада қар күреуге 2 300 жұмысшы шықты
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Өткен түнде елордадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдік ресми сайтына сілтеме жасап.

20 сәуірге қараған түні коммуналдық қызмет Астанадан 41 164 текше метр қар шығарды, бұл 2 766 ауыр жүк көлеміне тең.

20 сәуір күні таңертең елорданың жолдары мен көшелерінен қар мен мұзды 2 300 жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника жинайды.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 4,2 млн текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 333 577 рейс жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының ортасында елордада толассыз қар жауған болатын. Бір апта ішінде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі есе асып түсті. Осы уақыт ішінде коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы