Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі толық жабылады

20 Маусым 2024, 03:20
242
Бөлісу:
Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі толық жабылады
Фото: gov.kz

Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты жол учаскесі жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 20 маусым сағат 07:00-ден 22 маусым сағат 07:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы бойынша Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылатынын айтты.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы