Астанада Қабанбай батыр даңғылы уақытша жабылады

24 Тамыз 2022, 14:00
896
Бөлісу:
Астанада Қабанбай батыр даңғылы уақытша жабылады

24-27 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылының учаскесі елордада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсемін жөндеудің басталғаны туралы хабарлады.

Осыған байланысты, осы жылдың 24-27 тамыз аралығында Нұра - Есіл каналынан Әуежай көлік айрығына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп толықтырды ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы