Астанада Париж-2024 Паралимпиада ойындарына арналған іс-шара өтті

5 Наурыз 2024, 13:30
307
Бөлісу:
Астанада Париж-2024 Паралимпиада ойындарына арналған іс-шара өтті
PHOTO
Фото: автордан

Астана қаласындағы Паралимпиадалық дайындық орталығында "Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиада ойындары жолында!" атты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олимпиада ойындарының басталуына 143 күн қалғанда және Париж-2024 Паралимпиада ойындарының ашылуына 177 күн қалғанда, бұл шара мүмкіндігі шектеулі балалар мен "Шарль де Голль-Мирас" француз мектебі балаларының басын қосу арқылы Олимпиадаға тән достық пен инклюзия құндылықтарын атап өтті, - деді Францияның Төтенше және Өкілетті елші Дидье Канесс.

Астанада Париж-2024 Паралимпиада ойындарына арналған іс-шара өтті

Балалар екі паралимпиадалық спорт түрі бочча және голбол ойындарын бірге ойнады.

Бұл іс-шара алдымызда келе жатқан XVII Паралимпиада ойындарына арналған. Мұнда 6-10 жастағы балалар бочча және голбол сияқты паралимпиадалық спорт түрлерімен танысады. Іс-шараға Паралимпиада ойындарына лицензия алған спортшыларымыз да қонақ ретінде келіп отыр. Іс-шараның маңызы жасөспірімдерге параспортты насихаттау, инклюзивті ортаны көрсету, түсіндіру, - деді ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Олжас Ақпамбетов.

Астанада Париж-2024 Паралимпиада ойындарына арналған іс-шара өтті

Спорттық іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитеті, Қазақстан Бочча федерациясы және "Тең мүмкіндіктер әлемі" қауымдастығымен бірлесіп, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Францияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды.

Астанада Париж-2024 Паралимпиада ойындарына арналған іс-шара өтті

Жас спортшыларды қолдап, марапаттауға Қазақстан құрамасының бірнеше пара спортшылары мен отандық "Паралимпиадашы" (2021 ж.) фильмінің бас кейіпкері, актер Асқар Ілиясов келді.

Өзгелердің жаңалығы