Астанада өртенген пәтерден қарт әйел құтқарылды

Өрт газ-ауа қоспасының тұтануынан шыққан.

 видеодан скриншот 19 Қыркүйек 2026, 12:55
19 Қыркүйек 2026, 12:55
106
Фото: видеодан скриншот

Астанада құтқарушылар өрт шыққан пәтерден қарт әйелді алып шықты. Төтенше жағдай Байқоңыр ауданындағы Отырар көшесінде орналасқан бес қабатты үйде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке газ плитасының ашық қалған конфоркасы себеп болған. Газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін жиһаз бен тұрмыстық заттар жанған.

ТЖМ құтқарушылары шақырту түскеннен кейін шамамен үш минутта оқиға орнына жеткен. Олар әйелді баспалдақ арқылы пәтерден алып шығып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Дәрігерлер тексергеннен кейін оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады. Ауруханаға жатқызу қажет болмады.

Өрт шамамен 2 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Наверх