Елордада осымен екінші мәрте Орталық Азия эндоскопиялық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Орталық Азияның екінші эндоскопиялық форумы" халықаралық форумы эндоскопия, гастроэнтерология, пульмонология және өзге де салалар бойынша жетекші мамандарды біріктіріп отыр.
Атап айтқанда, екі күнге жалғасатын медициналық жиынға елімізден бөлек, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Моңғолия сынды 12 мемлекеттің мамандары қатысады.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы, Қазақ эндоскопиялық қоғамы ұйымдастырды.
Ол өткен жылы онкологиялық қызмет мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында облыстық онкологиялық диспансерлер базасында мамандандырылған жоғары технологиялық эндоскопиялық орталықтар құру туралы стратегиялық шешім қабылданғанын еске салды.

"Ең бастысы – салаға жоғары кәсіби мамандарды тарту. Осылайша, орталықтарда клиникалық тәжірибе жинақталып, аз инвазивті диагностика мен емдеу әдістері дамыды. Бүгінгі таңда мұндай эндоскопиялық орталықтар іс жүзінде барлық өңірлерде – онкодиспансерлер базасында ғана емес, бейінді стационарларда да жұмыс істеп тұр. Диагностиканың жоғары технологиялық, аз инвазивті әдістері ең алдымен азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Форум тәжірибе алмасу мен үздік тәжірибелер үшін маңызды алаң болатынына сенімдімін. Мұндай кәсіби кездесулердің құндылығын асыра бағалау мүмкін емес. Олар кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді және Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де эндоскопиялық медицинаның болашағына әсер ететін жаңа идеялардың қайнар көзіне айналады, - деп атап өтті форумның ашылуында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.
Форумның басты ерекшелігі – live-сессиялар форматында өтеді. Қатысушылар операциялық бөлмелерден тікелей трансляцияларды көріп, ең күрделі процедураларды, оның ішінде POEM, ESD және ERCP амалдарын орындауды бақылап отыра алады. Форумның практикалық бөлігі халықаралық менторлармен симуляциялық станциялардағы тренингтерді қамтиды.