Астанада оқушылар түстен кейін де онлайн оқиды

Таңертеңгі ауысымда оқитын оқушылар да қашықтан оқыту форматына ауыстырылған.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 10:14
Бүгiн 2026, 10:14
176
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астанада ауа райының суық болуына байланысты кейбір сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2026 жылғы 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлады қалалық Білім басқармасы.

Еске салайық, бұған дейін таңертеңгі ауысымда оқитын оқушылар да қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. 

Сондай-ақ, наурызда оқушылардың қанша күн демалатыны белгілі болды. 

Наверх