Астанада Open Air концертіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Шектеу Open Air концерті кезінде келушілердің қауіпсіздігі үшін енгізіледі.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 18:53
Бүгiн 2026, 18:53
160
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

6 шілде күні Елорда күніне орай «Астана Арена» стадионы алаңында Open Air форматындағы мерекелік концерт өтеді.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, іс-шараға келушілердің қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Астана Арена» стадионы маңында, нақтырақ айтқанда, «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Наверх