Астанада аулада тоқ соққан 5 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 видеодан кадр 17 Тамыз 2026, 17:30
17 Тамыз 2026, 17:30
310
Фото: видеодан кадр

Астанадағы А105 көшесіндегі 11-үйдің ауласындағы футбол алаңының маңында бес жасар баланы тоқ соққан. Қазір ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Не болды?

Астана қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы футбол алаңының маңында құрылыс компаниясына тиесілі кабельдің жанып кеткені анықталды. Соның салдарынан 5 жасар баланы тоқ соғып, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады полициядан.

ПД өкілдері тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, барлық мән-жайлар анықталуда екенін айтты.

Баланың жағдайы қалай?

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы BAQ.KZ тілшісіне баланың жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

«Жағдайы ауыр, тұрақты деп бағалануда. Қазіргі уақытта қажетті қарқынды терапия жүргізіліп жатыр. Пациентке медициналық көмектің барлық қажетті көлемі көрсетілуде», – деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда басына ағаш құлаған 5 жасар бала қайтыс болды.

Тағы оқи отырыңыз:

Ақмола облысында 18 жастағы жігітті тоқ соғып, көз жұмды

Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды

Селфи жасамақ болған жасөспірім вагон үстіне шығып, денесінің 60 пайызын күйік шалды

Наверх