Астанада онкологиялық сырқаттан қайтыс болғандар саны азайған

5 Ақпан 2023, 15:59
1153
Бөлісу:
Астанада онкологиялық сырқаттан қайтыс болғандар саны азайған
Фото: dcnn.ru

Бұл туралы  «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, онколог-маммолог Юрий Жуков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Астана қаласы бойынша жалпы сырқаттанушылықтың кейінгі жылдары 180,1-ден 180,6-ға дейін өсу үрдісі байқалады. Бұл жалпы ауруды алдын ала анықтау, тұрақты түрде скринингтер жүргізумен және жалпы өлім-жітімнің 71,1-ден (2021 жылы) 67,0-ге (2022 жылы) дейін төмендеуімен байланысты.

2007 жылдан бастап Астана қаласы бойынша сырқаттанушылық құрылымында сүт безі обыры 1-орында, былтыр 401 сырқат жағдайы тіркелген, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 30,3 құрады (2021 жылы – 100 мың адамға шаққанда 344/28,4), скринингтерді енгізуге байланысты сырқат белгілерін уақытынан ерте анықтау 6,6%-ға артты. 2021 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 6,7-ден 6,2-ге дейін өлім-жітімнің 7,5%-ға төмендеуі байқалады, аурудың 1-2-сатысының ерте диагностикасы жақсарды және 90,2% – 3 (2021 жылы – 87,0%) 3,7%-ға жоғары көрсеткішті құрады. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астам әйел сүт безі обыры бар диспансерлік есепте тұрады, - деді Юрий Жуков.

Дәрігер сөзін жалғай отырып, қатерлі дертке шалдығатындар қатары жасарып келе жатқанын мәлім етті. Жасы – 50-60% жағдай 40-60 жас аралығындағы науқастар арасында тіркелген. Алайда қатерлі ісік 20-30 жастағы науқастарда да кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы