Астанада найзағай күтіледі

22 Сәуір 2024, 11:14
695
Бөлісу:
Астанада найзағай күтіледі
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабының брифингінде "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

22 сәуірде Астана қаласында көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы, - деді баспасөз хатшысы.

Ол Шымкентте де жаңбыр мен найзағай күтілетінін айтты.

22 сәуірде Шымкент қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус жылы, - деді ол.

Сондай-ақ Алина Исмагулова 2024 жылдың 23-і мен 26 сәуірі аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілетінін хабарлады.

Сонымен қатар автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстарда судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы