БАҚ беттерінде мәйітті тасымалдау кезінде бұрынғы әскери қызметшінің туыстары мен полиция қызметкерлері арасында төбелес болғаны туралы ақпарат тарады.
Астана қаласының Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Олардың мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері марқұмның мәйітін сот-медициналық сараптама орталығына тасымалдау үшін оқиға орнына келген кезде қарсылыққа тап болған.
Аталған бейнежазбаға қатысты полиция қызметкерлері қайтыс болған адамның мәйітін Сот-медициналық сараптама орталығына жеткізуді ұйымдастыру үшін оқиға орнына барғанын хабарлаймыз. Бұл рәсім өлімнің нақты себебін анықтау және заңнамада көзделген құқықтық шараларды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Қызметтік міндеттерін орындау барысында полиция қызметкерлері олардың заңды әрекеттеріне кедергі келтіру және физикалық күш көрсету фактілеріне тап болған. Аталған оқиға бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша орын алған оқиғаға қатысы бар барлық адамның, оның ішінде полиция қызметкерлерінің де әрекетіне қатысты құқықтық баға берілетін болады, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 23 маусымда Ербаян Мұхтар қайтыс болды.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасаған еді.
Мұхтар Ербаянның өліміне қатысты медициналық орталық ресми түсініктеме берді.
Қайтыс болған Ербаян Мұхтардың ағасы видеоны SHYNDYK.KZ редакциясына жолдаған. Видео сол жерден алынды