Астанада Махатма Гандиге ескерткіш қойылды

13 Қазан 2022, 22:40
1286
Бөлісу:
Астанада Махатма Гандиге ескерткіш қойылды

Астанада Махатма Гандиге арнап ескерткіш қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ганди Үндістаннан шыққан 20 ғасырдың белді де, беделді саясаткері. Оның зорлық-зомбылыққа қарсы философиясы адамзатқа қалдырған рухани мұра іспетті. Қайраткердің мүсіні Есіл өзенінің бойындағы аллеяға орнатылды. Оның ашылу салтанатына Үндістанның мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакаши Лекхи арнайы қатысты. Іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Айта кету керек, биыл Дели қаласында хакім Абай Құнанбайұлына ескерткіш бюст қойылған.

Бұған дейін сіздердің елге жасаған сапарым кезінде қазақстандық билік өкілдеріне үндістандық туристер үшін визасыз режим жасауға өтініш білдірдім. Бұл мәселе шешімін тапты. Қазақстан Үндістан азаматтарға 14 күнге дейін визасыз жүріп-тұруға рұқсат берді. Бұл үшін Қазақстанға үлкен алғыс білдеремін. Қос елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас бұдан әрі де дами түсуіне күш саламыз, - деді Үндістан Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакаши Лекхи.

Өзгелердің жаңалығы