Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді

27 Қаңтар 2024, 03:13
411
Бөлісу:
Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласында 1-5 ақпан күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс салтанатты түрде 1 ақпан күні сағат 17:30-да ашылады. Күн сайын сағат 10:30-да басталады. Ал I және III орындар үшін ақтық белдесулер күн сайын сағат 18.00-де өтеді.

Жарыс бағдарламасы:

1 ақпан – грек-рим күресі: 55, 63, 72, 82 және 97 келі;
2 ақпан – грек-рим күресі - 60, 67, 77, 87 және 130 келі;
3 ақпан – әйелдер күресі: 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72 және 76 келі;
4 ақпан – еркін күрес: 57, 65,74,86 және 92 келі;
5 ақпан – еркін күрес: 61,70,79,97 және 125 келі.

Өзгелердің жаңалығы