Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты басталды

1 Ақпан 2024, 14:27
510
Бөлісу:
Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты басталды
Фото: BAQ.KZ -архив

1-5 ақпан аралығында Астанада күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері кілемге шығады. Ел чемпионатының жүлдесіне таласатын балуандар арасында ұлттық құрама үздіктері де бар.

Атап айтар болсақ, Исхар Құрбаев, Айдос Сұлтанғали, Сұлтан Әсетұлы, Алмат Кебіспаев, Мейіржан Шермаханбет, Демеу Жадыраев, Азат Садықов, Мақсат Ережепов, Әлімхан Сыздықов сынды әлемдік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сынға түседі.

Чемпионат қорытындысы бойынша сәуір айында Қырғызстанда өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын спортшылар анықталады.

Өзгелердің жаңалығы