Астанада Крещение рәсімін жедел-құтқару қызметі қадағалайды

18 Қаңтар 2023, 12:38
882
Бөлісу:
Астанада Крещение рәсімін жедел-құтқару қызметі қадағалайды

Астанада 18-19 қаңтарда барлық православие шіркеуінде Крещение  рәсімі өтеді. Бұл туралы елорда коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын 19 қаңтарда елорда тұрғындары мен қонақтары православиелік мерекені атап өтеді. Оның барысында қасиетті рәсімдер жасалады. Мұзды ойып, оған шомылу рәсімдері ұйымдастырылатыны белгілі. Алайда, жылдан-жылға мұзды суға батып кеткендер саны жиілеп барады, – деді Құсайынов.

Оның айтуынша, осы мақсатта Есіл өзенінде – «Гранд Алатау» тұрғын үй кешенінің ауданында және Столичный саябағының жағалауында екі мұз ойығы салынған.

Олар ағаш пен металл торлармен жабдықталған, яғни адамды мұз астынан қалып кетпеуінен сақтайды, - деді Ә.Құсайынов.

Жаппай шомылуға арналған ойықтар:

Есіл өзеңінің оң жағалауында;

Махамбет Өтемісов атындағы оқушылар сарайы ауданында;

"Гранд Алатау" ТК;

сол жағалаудағы "Астана" саябағының жағалауында (Амфитеатр мен Regis Astana қонақ үйінің жанында) орнатылады.

Шомылатын орындар 18 қаңтар сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар 02:00-ге дейін істейді. Сонымен бірге жаппай шомылу 19 қаңтар 08:00-ден 20 қаңтар сағат 02:00-ге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы