Астанада көпқабатты үйден шыққан өрт сөндірілді

22 Ақпан 2024, 22:27
379
Бөлісу:
Астанада көпқабатты үйден шыққан өрт сөндірілді
Фото: скрин

Сағат 21.30-да елордалық өрт сөндірушілер Мұхамедханова көшесіндегі пәтер өрті туралы хабарлама алған.

12-қабаттағы пәтердің терезесінен ашық жану, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы анықталды.

Сағ.21.51-де өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады.

Өртті сөндіруге Астана қаласының ТЖД жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы