Астанада көпірге шығып алған ер адам құтқарылды

Ер адам шамамен 30 метр биіктікте болған.

 Скриншот 30 Қыркүйек 2026, 23:55
30 Қыркүйек 2026, 23:55
2834
Фото: Скриншот

Астананың Сарыарқа ауданында ТЖМ құтқарушылары «Қараөткел» көпірінің доғасына шыққан ер адамды қауіпсіз жерге түсірді.

Оқиға орнына полиция қызметкерлеріне көмек көрсету үшін ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді. Ер адам шамамен 30 метр биіктікте болған.

Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, ер адамды көпірден қауіпсіз түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астаналық ер адам көпірден суға секіріп кетті. «102» арнасына «Тұлпар» көпірінен 46 жастағы ер адамның суға секіргені туралы хабарлама түскен.

Наверх