Астанада көпірдің аркасына шығып кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, түнде 112 пультіне Есіл ауданындағы көпірлердің бірінің аркасына адам көтерілгені туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу сол жерге жетті. Құтқарушылар арнайы техниканы орналастырып, автосатымен көпірдің аркасына көтеріліп, келіссөздерден кейін 1992 жылы туған ер адамды төменге түсірді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Айта кетейік, ер адамның өміріне қауіп жоқ.