Астанада көпір астында пиротехника іске қосқан ер адам 5 тәулікке қамалды

Полиция азаматтарды пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады

 Polisia.kz 10 Тамыз 2026, 21:57
10 Тамыз 2026, 21:57
159
Фото: Polisia.kz
Астанада қоғамдық орында пиротехникалық бұйымды пайдаланған 40 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқиға Тұран даңғылы бойындағы көпір астында болған. Қоғамдық тәртіпті бақылау барысында полиция қызметкерлері азаматтың пиротехникалық бұйымдарды іске қосып жатқанын анықтады. Тексеру нәтижесінде ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.

Полицияның мәліметінше, пиротехникалық бұйымдарды қоғамдық орындарда белгіленбеген жерде пайдалану азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қоғамдық тыныштықты бұзуы мүмкін. Әсіресе көлік қозғалысы мен адамдар көп шоғырланатын аумақтарда пиротехниканы қолдану қауіпті.

Полиция азаматтарды пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Наверх