Астанада көпбалалы аналарға алқалар табыс етілді

6 Шілде 2023, 14:17
1347
Бөлісу:
Астанада көпбалалы аналарға алқалар табыс етілді
Фото: әкімдіктен

Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында Президент атынан, 2023 жылғы 7 маусымдағы №243 Жарлығы бойынша марапатталған көпбалалы аналарға алқалар табыс етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марапаттау рәсіміне аудан әкімі Бауыржан Бейбітұлы қатысып, құттықтау сөзін білдірді.

Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді. Расымен, ананың құдіреті шексіз. Оның алдында бүкіл дүние бас иеді. Бүгін алтын құрсақты аналарға мемлекеттік «Алтын алқа» , «Күміс алқа» марапаттарын табыстау бұйырып тұр. Құрметті аналар, бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ынтымақ, береке тілеймін, - деді аудан әкімі.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Сарыарқа ауданы бойынша Алтын алқамен 58, Күміс алқамен 11 ана наградталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы