Астанада конкурдан 50-ге жуық шабандоз бақ сынады

26 Қазан 2022, 08:35
1304
Бөлісу:
Астанада конкурдан 50-ге жуық шабандоз бақ сынады

Астанада Республика күніне орай ат спортының конкур түрінен 50-ге жуық шабандоз қатысқан ашық біріншілік аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада конкурдан 50-ге жуық шабандоз бақ сынады

«Арғымақ» ат сауықтыру спорт кешенінде 7 млн теңге жүлде қорымен олимпиадалық спорт түрі – конкурдан финалдық жарыстар өтті. Ең мықты атаққа Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстары мен Астанадан келген төрт команданың шабандоздары таласты. Нәтижесінде «балалар» санатында үшінші орынды «Күрең» атты сәйгүлігімен Лаура Алдабергенова алса, екінші орынды «Гайсақ» атты тұлпарымен Дарина Дүржібаева иеленді. Ал бас жүлдені Амира Қабжанова «Шах» есімді сұлу қарасымен еншіледі.

Астанада конкурдан 50-ге жуық шабандоз бақ сынады

«Жас жылқылар» санатында бірінші орында «Ред ривер» атымен Азамат Заменив, ал екінші және үшінші орынды «Маригольд» және «Сайгон» сәйгүліктерімен Олег Соколенко мен Виктория Котина иеленді.

«Ашық сынып» санатында жүлделі орындар: 

1-орын «Джафар» атты атпен Ержан Мағжаев;

2-орын «Күрең» атты атпен Олег Соколенко;

3-орын «Каприя» атты атпен Ника Сим.

Өзгелердің жаңалығы