Астанада көлік кептелісі мәселесі шешілетін болды

12 Қыркүйек 2023, 12:45
748
Бөлісу:
Астанада көлік кептелісі мәселесі шешілетін болды
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Астана әкімі көлік кептелісі мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қала көшелеріндегі көлік кептелісі жаңа көпірлер ашу арқылы шешілетінін мәлім етті.

Достар! Маған жол-көлік желісін дамыту бойынша сұрақтар түсіп жатыр. Осыған байланысты атқарып жатқан жұмысымызға қысқаша тоқталып өтейін. Қалада 430 мыңға жуық автомобиль бар. Күн сайын облыстан қалаға қосымша 90 мыңға жуық көлік кіріп-шығады. Жол-көлік желісін жүйелі дамыту үшін көпірлер, көлік қиылыстары, жаңа көшелер салу, жол жөндеу жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде. Қарбалас уақытта көлік көп жүретін учаскелердің бірі – Мәңгілік ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылдары, Сарайшық, Қонаев көшелері және т.б. Осы жылдың соңына дейін Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпірде көлік қозғалысын ашу бұл мәселенің ішінара шешімі болмақ. Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді, - деп түсіндірді ол.

Астанада көлік кептелісі мәселесі шешілетін болды

Айтуынша, келесі жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салуды бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ биыл қалаға 400-ге жуық автобус енгізілетіні белгілі болды.

Бұл қаланың жаңа бөлігіндегі Мәңгілік ел, Қабанбай батыр даңғылдарында, Түркістан, Керей-Жәнібек хандар және Айтматов көшелерінде көлік ағынын сейілтеді. Сол сияқты келер жылы Кенесары көшесінің бойында (ҚазГЮУ университеті ауданында) Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпірдің құрылысын бастау жоспарда бар. Өткен жылы Ұлы Дала даңғылының бойындағы жаңа көпір мен А62 көшесінің бойында (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі учаскеде) көлік қозғалысы ашылған болатын. Бұл да бірнеше көшедегі көлік қозғалысын жеңілдетті. Сонымен қатар биыл қалаға 400-ге жуық автобус енгіземіз. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде желіге шығарылды. Жоғарыда айтылған шаралар, оның ішінде көшелер салу және жөндеу, ақылды бағдаршамдар орнату және автобус желілерін енгізу қаланың көлік желісін айтарлықтай жақсартады, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы