Астанада қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқан ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері автокөлік салонында отырып, дабыл тапаншасынан ауаға екі рет оқ атқан 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Тексеру барысында құқық бұзушының аталған әрекетті жасаған кезде алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.
Құқық бұзушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін оған әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Ал қаруды заңсыз сақтау және алып жүру дерегі бойынша жиналған әкімшілік материал соттың қарауына жолданды.
Сонымен қатар сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген заңсыз әрекет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Тағы оқи отырыңыз: Алматы облысында жанармай құю станциясына қарақшылық шабуыл жасағандар әшкереленді
Жүк пойызы төрт адамды басып кетті: Сот теміржолдың үш қызметкеріне үкім шығарды