Алматы облысында полиция қызметкерлері жанармай құю станциясына жасалған қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күдіктілердің қозғалыс бағытын интеллектуалды бейнебақылау жүйесі арқылы жедел анықтау мүмкін болды.
ЖБО операторлары мен полицияның жедел бөліністерінің үйлесімді жұмысының арқасында қарақшылық шабуылға қатысқан екі адамның да жеке басы қысқа мерзімде анықталды. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Осы факт бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық істі тергеп жатыр, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешенін жүргізуде», – деп атап өтті өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары заманауи бейнебақылау жүйелері күдіктілердің қозғалыс бағыттарын жедел бақылауға, полиция жасақтарының әрекетін үйлестіруге және қылмысты ашу мен қаскөйлерді ұстау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретінін айта кетті.