Астанада "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтті

29 Сәуір 2024, 13:09
358
Бөлісу:
Астанада "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтті
PHOTO
Фото: täuel[х]sız жобасы

Өнер мен поэзияны ұштастырған кешті täuel[x]sız арт-жобасы ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеште өнерпаздар еліміздің басынан өткен және қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін жасанды интеллект арқылы сахналады.

Астанада "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтті
Астанада "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтті
Астанада "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтті

Заманауи қазақ поэзиясының өкілдері – Тілеубек Батыс, Жамбыл Бақыәліұлы, Салтанат Мадиярқызы Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Серік Ақсұңқарұлы секілді ақындардың өлеңдері оқылып, Ұ. Есдәулетов, Т. Мұхамеджанов, Сағди, Үміт Долькей сынды әншілердің авторлық әні шырқалды.

Астанада "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтті

Перформанстағы туындылар Балжан Хабдина мен Захардин Қыстаубаевтың "Қызылдар қырғыны", Сара Кәмеронның "Аштық жайлаған дала", Тоғжан Қасенованың "Атом улаған дала" кітабынан алынған.

Астанада "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтті

täuel[х]sız жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мақсаты – қоғамдағы түрлі әлеуметтік, өзекті мәселелерді өнер арқылы кең көпшілікке жеткізу. Сондай-ақ, заманауи поэзия өкілдері — жас авторлар мен олардың шығармашылығын таныту. 

Астанада "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтті
Астанада "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтті

Жоба 2021 жылғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының және Халықаралық ARTIF Awards байқауының жеңімпазы.

Астанада "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтті
Өзгелердің жаңалығы