Астанада Гейдар Әлиев атындағы көше ашылады

10 Сәуір 2023, 16:19
931
Бөлісу:
Астанада Гейдар Әлиев атындағы көше ашылады
Фото: Арман Мухатов

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев шағын құрамда кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс дамып жатыр. Біздің елдегі азаматтардың 130 мыңы әзербайжан ұлтының өкілі. Бүгін оның басым бөлігі мемлекет қайраткері Гейдар Әлиев атындағы көшенің ашылуына қатысады. Оған арнайы шақырдық. Екі елдің мәдени күндерін өткізудің онкүндігін келістік. Қазақстанның мәдени күндері биыл өтеді,- деп айтты Мемлекет басшысы.

Президентіміз Әзербайжан президентімен бірлесіп Гейдар Әлиев атындағы көшені ашатынын атап өтті.

Бүгін Гейдар Әлиевке арналған «Ғазиз ғұмыр» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Оны біздің тапсырмамыз бойынша Qazaqstan телерадиокорпорациясы түсірді. Елдеріміз арасындағы бауырластықтың көрсеткіші қазақ халқының атынан Физули қаласында салынып жатқан балалар шығармашылығына арналған орталық болып отыр. Маған нысанның құрылысы қарқынды салынып жатқанын айтты, - деді Тоқаев.

Сөзінше, жақын арада ол орталықтың жұмысына президенттер бірге куә болады.

Өзгелердің жаңалығы