Астанада ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен

11 Наурыз 2023, 17:42
867
Бөлісу:
Астанада ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен
Фото: gov.kz

Елордада ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

102 арнасына 26 жастағы азаматтан кешкі уақытта Сарайшық көшесінде белгісіз жігіттердің оны ұрып-соғып, Redmi маркалы ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлама түскен.

Шабуыл жасау сәті камераға түсіп қалған. 

Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар үш адамды анықтады. Олар 18, 20 және 21 жастағы жас жігіттер болып шықты, олардың бірі бұрын сотты болған. Қасүнемдер қазір қамауда. Ұялы телефон тәркіленді, қаскүнемдер оны кепілге қалдырып, сатып жіберген, - делінген хабарламада. 

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы