Астанада мешітке барған әйел қымбат киімінен айырылып қалды

Астананың мешітерінің бірінде қымбат брендтік күрте ұрлығы ашылды.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 09:48
Бүгiн 2026, 09:48
186
Фото: видеодан скриншот
Астанада мешітке барған әйел қымбат күртешесінен айырылып қалды.
 
Полиция қызметкерлері «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұрлық фактісі бойынша күдіктіні ұстады.
 
Тергеу барысында белгілі болғандай, белгісіз азамат Астананың мешіттерінің біріне келіп дәлізде ілініп тұрған әйелдер киімдерінің арасынан еркін қол жеткізу арқылы қара түсті, «Moncler» брендінің әйелдерге арналған күртешесін жасырын түрде ұрлап кеткен.
Келтірілген материалдық шығын құны 1 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 
Еске салайық, бұған дейін Алматыда намаз кезінде мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды.
 
Тағы оқи отырыңыздар:
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Наверх