Астанада электроавтобустар іске қосылды

12 Ақпан 2019, 12:27
2121
Бөлісу:
Астанада электроавтобустар іске қосылды

Астана, BAQ.KZ. Көліктердің елордалық қатал климатта жұмыс істеу тәртібі бақылануда. Бұл туралы "Хабар 24" порталында хабарланды.

Эклектроавтобустар қатты аяздарда да жұмыс істеген. Бұған қоса экологиялық таза темір тұлпарлар отандық көлік өндірісіне үлгі бола алады. 

Электроавтобустардың қала көшелеріне шыққанына көп болмаған. Десе де көліктің ұтымты тұстары бірден байқалады. Автобус тоқтап тұрғанда электр қуаты кетпейді, сондықтан олар дизельді отынмен жүретіндерге қарағанда 3-4 есе тиімді. 

Оған қоса, жөндеу де арзанға түседі, түтін шығармайды. Яғни көлік экологияға зиян келтірмейді.


Өзгелердің жаңалығы