Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген фермерлер мен жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылады.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 20 Тамыз 2026, 23:55
20 Тамыз 2026, 23:55
126
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астанада 22-23 тамыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген фермерлер мен жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдері, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да азық-түлікті тиімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңке 22-23 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығының аумағында өтеді.

Жәрмеңке өтетін жерге №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус маршруттарымен баруға болады.

Наверх