Астанада бірнеше жолаушылар автобусының жүріс кестесіне өзгеріс енгізілді

5 Мамыр 2024, 21:42
305
Бөлісу:
Астанада бірнеше жолаушылар автобусының жүріс кестесіне өзгеріс енгізілді
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

2024 жылдың 5 мамырында елордада тоғыз жолаушылар автобусының жүріс кестесіне жолдардағы жөндеу жұмыстарына байланысты өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 26, 27, 40, 42, 50, 51, 53, 61, 66 автобустардың қозғалыс кестесіне уақытша өзгеріс енгізілді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – делінген көлік компаниясы хабарламасында.

Аталған автобустардың қозғалыс сызбасымен мына сілтеме арқылы таныс бола аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы