Астанада бір күнде 30-дан астам жол апаты орын алды

23 Наурыз 2022, 21:30
1658
Бөлісу:
Астанада бір күнде 30-дан астам жол апаты орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада ауа райының қолайсыздығынан 35 жол апаты болды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қатты боран соғып тұр. Таңертеңнен бері қала аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан бір адам дене жарақатын алды, – делінген ПД мәліметінде.

Осы орайда полицейлер көлік жүргізушілерін жылдамдық режимін қатаң сақтауға, көліктердің арақашықтығы талаптарын ұстануға шақырды.

Сонымен қатар автокөлікпен қаладан тыс алыс сапарға шықпауға кеңес береміз. Қазіргі уақытта боранға байланысты барлық бағыттарда көлік қозғалысы шектелді. Жүргізушілермен қатар, жаяу жүргіншілер де сақ болғаны жөн. Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін арнайы рұқсат етілген орындарда көшеден өтіңіздер, – деп атап өткен хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы