Астанада балалар үйінің тәрбиеленушілері кинотеатрға тегін барды

30 Наурыз 2022, 18:23
1298
Бөлісу:
Астанада балалар үйінің тәрбиеленушілері кинотеатрға тегін барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Балалар жылын» өткізу туралы бастамасын қолдау мақсатында елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кинотеатрға тегін бару ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан кинотеатрда Нұр-Сұлтан әкімдігінің, «Кинопарк» кинотеатрлар желісінің, «SF food» тамақтану компаниясының, қаланың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының және «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ астаналық филиалының қолдауымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап тегін мультфильм көрсетілді.

Балаларға «SF food» тағам компаниясынан тәтті тағамдар ұсынылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас Сарбаз» жастар әскери-патриоттық қозғалысының қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты балалар үйінің 120 тәрбиеленушісі үшін «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында іс-шара ұйымдастырылды. Балалар фильмді тегін тамашалады, оларға «SF food» компаниясының тәттілері ұсынылды. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және қаланың жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, - деді Асхат Налшыбек.

Киноға баратынымызды айтқан кезде қатты қуандым және оны достарыма жеткіздім. Өте қызықты мультфильм болды, - деп балалар үйінің тәрбиеленушісі Анатолий Поленик өз әсерімен бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы