Астанада әжелер арасында ерекше байқау өтті

11 Наурыз 2023, 23:44
1236
Бөлісу:
Астанада әжелер арасында ерекше байқау өтті
Фото: gov.kz

Астанада зейнеткерлер арасында «Super әже – 2023» сұлулық байқауы өтті. Оның жеңімпазы 76 жастағы 6 немеренің әжесі, 50 жылдық тәжірибесі бар мұғалім, ансамбль әншісі Күлпаш Қалқабекова болды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқауға 63 жастан 76 жасқа дейінгі 10 зейнеткер қатысты. Олардың ішінде жоғары санатты мұғалімдер мен дәрігерлер, халық хорларының әншілері және республикалық еріктілер қозғалысының қатысушылары бар.

Әжелер визит карталары, таланттар мен аспаздық шеберлік байқауына, сондай-ақ дефиле шоуына қатысты. Таланттар байқауында қатысушылар халық билерімен, вокалдық нөмірлермен өнер көрсетіп, өздерінің авторлық өлеңдерін айтты.

3 кезеңнің қорытындысы бойынша Күлпаш Қалқабекова жеңімпаз болып таңдалды. Ол тәждің және 100 000 теңгелік жүлде сертификатының иегері атанды.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға осындай байқау үшін көп рахмет. Мен оларға жеңімпазды таңдау қиын болғанын білемін. Біз бәріміз белсенді, көңілді адамбыз. Мысалы, мен қазір ансамбльде ән айтамын, би үйірмесіне барамын. Мен барлық ата-әжелерді үйде отырып қалмауға және жарқын өмір сүруге шақырамын, - деп Күлпаш Қалқабекова өз эмоцияларымен бөлісті.

Іс-шараны ұйымдастырушы Валентина Толмачева мұндай байқаулар тек әжелерге ғана емес, жастарға да қажет екендігін айтады.

Қоғам оларға қарап, әжелер де қоғам өміріне белсенді түрде араласа алатынын және қатысқысы келетінін біледі. Бүгінгі қатысушылар зейнеткерлікке шыққан өзге жандар үшін үлгі болып саналады. Осы кісілерден үлгі алу керек, - деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушы Валентина Толмачева.

Сондай-ақ барлық қатысушыларға түрлі номинациялар берілді. Олар: «Ең мейірімді әже», «Ең көңілді әже», «Ең шебер әже», «Ең тапқыр әже», «Ең ақылды әже», «Ең заманауи әже», «Ең білімпаз әже», «Ең бұлбұл әже», «Ең өнерлі әже».

Өзгелердің жаңалығы