Астанада әз-Наурыз басталды

19 Наурыз 2021, 23:00
2297
Бөлісу:
Астанада әз-Наурыз басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар келген Наурыз мерекесіне орай Елорда филармониясы Қазақ оркестрінің «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік концерті өтті.

Астанада әз-Наурыз басталды

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. 

Астанада әз-Наурыз басталды

Қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңесуі кезіне дәл келетін мерекеге ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – Айтқали Жайымов көрерменге мерекелік көңіл-күй тарту етіп, үздік шығармаларды орындады.

Астанада әз-Наурыз басталды

Қазақ ән-күйлерін ерекше леппен тыңдарман жүрегіне ұсынған кеште «Қазақ» оркестрімен бірге Бибігүл Тыныштық, Өзгеріс Шерікбай, Мұхит Салыбеков, «Шалқыма» халық би ансамблі мен «Туған жер» музыкалық студиясының балалар хоры өнер көрсетті.

Астанада әз-Наурыз басталды

Бүгінгі концерт бағдарламасы арнайы Наурыз мерекесіне арналып жасалды. Наурыз туралы әндер, күйлер жеке орындаушылармен дәстүрлі әншілер және «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетеді. Және бүгінгі концерттің ерекшелігі «Туған жер» атты балалар хоры және би ұжымы қатысты. Балалар біздің болашағымыз және дәстүрді жалғастырушы деген ниетпен осындай бағдарлама жасадық. Концерттің басын «Шалқыма» би ұжымы бастаса «Туған жер» балалар ұжымы аяқтады. Сондықтан мына келіп отырған ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі баршаңызға құтты болсын! Елімізге бақыт әкелсін, тыныштық болсын. Әрбір жылымыз жақсылыққа толы болып, өркендеп өсе берейік» - дейді «Қазақ» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Айтқали Жайымов.
Астанада әз-Наурыз басталды
Өзгелердің жаңалығы