Астанада "Әкелер кеңесі" құрылды

26 Ақпан 2024, 23:49
397
Бөлісу:
Астанада "Әкелер кеңесі" құрылды
Фото: gov.kz

Алғыс айту күні қарсаңында Астана қаласы бойынша елу бір білім беру ұйымында "Даналық жобасы" аясында "Әкелер кеңесі" құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, кеңесті құрудағы мақсат – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершіліктерін арттыру. Сондай-ақ тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.

Осы мақсат аясында қаладағы барлық "Әкелер кеңесі", "Қар десанты" челенджін өткізу қолға алынып, эстафета бір-біріне жолданып келеді.

Бүгінгі таңда олардың барлығы балалары білім алып жатқан мектеп ғимаратының қарын күреп, игілікті іс-шараға бір кісідей қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы