Астанада 9 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті

17 Сәуір 2025, 16:23
934
Бөлісу:
Астанада 9 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті
Фото: BAQ.KZ архив

Астанада мейрамханадан ас іскен 9 адам уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Көктем» мейрамханасынан ас ішкен 6 адам жіті ішек инфекциясының клиникалық белгілерімен №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жүгінген.

9 пациент қажетті тексеру жүргізу және медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызылды. 1 пациент ауруханаға жатудан бас тартып, амбулаториялық емдеуге жіберілді. Барлық пациенттің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Пациенттер дәрігерлердің бақылауында, қажетті ем қабылдап жатыр, - деп жауап берді ведомство редакцияның сауалына.

Белгілі болғандай, 10 пациенттен жіті гастроэнтерит анықталған.

Өзгелердің жаңалығы