Астанада 7 учаскеде Bus Lane жолақтары енгізіледі

11 Маусым 2024, 19:51
230
Бөлісу:
Астанада 7 учаскеде Bus Lane жолақтары енгізіледі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 15 маусымнан 16 маусымға қараған түні Ш.Айтматов көшесінде Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақ енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол Ш.Қосшығұлұлы көшесінен Ж.Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскені қамтиды, жалпы ұзындығы 10,5 км болады.

Қазір көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл – осы жылы 7 учаскеде енгізілетін Bus Lane жолақтардың алғашқысы. 

Бұған дейін хабарлағандай, бөлінген жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Тәуелсіздік даңғылдары мен Керей Жәнібек хандар көшесіне, Ұлы Дала және Р.Қошқарбаев даңғылдарына енгізіледі.

Bus Lane қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға, орташа пайдалану жылдамдығын арттыруға ықпал етеді.Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы