Астанада 11 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынған

26 Шілде 2023, 04:45
640
Бөлісу:
Астанада 11 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынған
Фото: baq.kz

Елордада жыл басынан бері 88 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзудың жолы кесілді. 11 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаменті елорда жолдарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күнделікті іс-шараларды өткізеді.

Жыл басынан 88 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзудың жолы кесіліп, оның ішінде 11 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Көлікті мас күйінде басқарған 730 жүргізуші ұсталды. Сот шешімімен 573 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 702 адам қамауға алынды.

Бұзылған жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркеуді кеңейту аясында «Қорғау» мобильді қосымшасы пайдалануға берілгені белгілі. Жобаны жүзеге асырғалы бері жалған мемлекеттік нөмірді қолданған 106-ға жуық жүргізуші анықталды.

1500-ден астам құқығы жоқ және 322 құқығынан айырылған жүргізуші белгілі болды. Халық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді үлес қосуда. Жыл басынан жол қозғалысы ережелері арқылы 44 мыңнан астам хабарлама, олар бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданған. Тұтастай алғанда, қабылданған шаралар мен «Қорғау» бағдарламасын жүзеге асыру көлік тәртібін жақсартуға және апатты азайту шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етіп келеді. Полиция департаментінің атқарып жатқан барлық шаралары, ең алдымен, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге, мүлкін сақтауға бағытталған, - деп хабарлады Polisia.kz.

Қабылданған шараларға қарамастан, жолдағы жағдай әлі күнге күрделі мәселеге айналып отыр. 6 айдың қорытындысы бойынша Астана қаласында ЖКО саны 6,9%-ға өсті. Оқиға кезінде жараланғандар саны 8,8%-ға өсті. Қаза болғандар саны 71,4%-ға өсті. Оның басты себебі – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жеке жауапкершілігінің төмендігінен болып отыр. Астана қаласы полиция департаменті жұртшылықты және автомобиль қауымдастығын Жол қозғалысы ережелерін, жеке қауіпсіздік шараларын және жол көлік тәртібін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы