Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы

24 Сәуір 2024, 16:52
256
Бөлісу:
Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабының брифингінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Өңірде «Альва» және «Кеңбидайық» лиманды суару жүйелері 100%-ға толды. Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қозыкөш, Мұқыр және Қарасу өзендерінің арналары суға толды. Қорғалыжын қорығының Теңіз көліне 1,5 млрд текше метр су жіберілді, - деді ол.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, аймақта су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасы арқылы судың асып кету биіктігі 337 см-ге дейін төмендеді.

Су тасқыны кезінде «Қазсушар» мекемесінің Солтүстік Қазақстан филиалының мамандары Сергеев су торабының жағалауын нығайту жұмысын жүргізді. 82 тоннадан астам кесек тастар, 15 темірбетон плита, 25 темірбетон блок және басқа материалдар төселді, - деді Әбдуалиева.

Осы сағатқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1279 см.

Өзгелердің жаңалығы