Astana велокомандасының Португалиядағы жарысқа қатысатын құрамы белгілі болды

10 Ақпан 2024, 08:33
409
Бөлісу:
Astana велокомандасының Португалиядағы жарысқа қатысатын құрамы белгілі болды
Фото: Astana Qazaqstan Team

Astana Qazaqstan Team командасы Португалияда өтетін екі жарысқа қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда клубы 10 ақпанда өтетін «Фигейра Чемпионс Классик» бір күндік жарысында, сонан соң 14-18 ақпан аралығында өтетін «Вольта Алгарве» көпкүндігінде бақ сынайды.

Ал жарыстарға қатысатын құрам мынадай: Самуэле Баттистелла, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Кристиан Скарони, Симоне Веласко және Astana Qazaqstan Development Team rider шабандозы Макс Уолкер.

Жарыстың спорттық директоры: Стефано Занини мен Джузеппе Мартинелли.

Өзгелердің жаңалығы