2026 жылғы сәуір-мамыр айларында ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 13 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Олардың бірі, Астана қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде террористік идеологияны насихаттаған, сондай-ақ айналасындағыларды террористік белсенділік аймақтарына шығуға үгіттеген. Сот шешімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екіншісі, Шымкент қаласының тумасы айналасындағыларды Қазақстанда теократиялық мемлекетін құруға шақырып, терроризм идеяларын таратқан. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Осы кезеңде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Абай облыстарында осындай қылмыстар жасады деген күдікпен 11 адам, оның ішінде 2 шетелдік және шетелден экстрадицияланған 3 Қазақстан азаматы ұсталды.
Олар Ғаламторда және өз айналасында экстремистік материалдарды таратты, террористік белсенділік аймақтарына шығуға және өздерінің ұстанымдарымен келіспейтін адамдарға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырды деп күдіктелуде.
Қылмыстық кодекстің тиісті баптарында сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.